Медиация тәртібі қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында талап қоюшы Н. жауапкер Б. соттың шешімімен баласы 3 жасқа толғанша өзін асырау үшін өндірген алименттен босату туралы азаматтық   іс қаралды.

Азамат Н. бұрынғы әйелі Б. баласы 3 жасқа толғанша ай сайын өзін асырау үшін өндірген алимент төлеуден босатуды сұраған, себебі  жауапкер қазіргі кезде  жұмысқа орналасқан, олардың  материалдық жағдайлары өзгерген айтып сотқа арызбен жүгінген. 

Сот отырысында  тараптардың құқтары түсіндіріліп, кәсіпқой емес медиатордың пилоттық жобамен дауды медиация тәртібімен реттеуге жәрдемдесу арқылы олардың арасында келіссөз жүргізу арқылы татуластырып, өзара келісіп, түсіністікпен қарап және соттан келісімді бетітуді сұраған.

Сот тараптардың арасында жасасқан медиативтік келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі