Қытай азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қытай Халық Республикасының (ҚХР) азаматы W-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылғы 31 ақпанда ҚХР-ның азаматы Қазақстан Республикасына қызметтік визамен  келіп, Алматы облыстық көші-қон басқармасында Алматы қаласы, Құрманғазы көшесіндегі 36 үйге тіркелген, алайда текесеру кезінде оның 2017 ж. 15 ақпанынан бері Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой елді мекенінің жанында тұрғаны анықталған, яғни тіркеу карточкасында көрсетілген мекен-жайда тұрмай, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлімінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан көрінген Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығару түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі