Қылмыс құрамы болмауына байланысты сот сотталушыны ақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 131-бабының бірінші бөлігіне сәйкес айыпталған азаматша Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жеке айыптаушы М. жеке  шағымында,  05 мамыр 2017 жылы Т. «Алға қаласының әкімі аппараты» ММ-сі ғимаратының ішінде, оның абыройы мен қадір  -қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, оның қадiр-қасиетiн қорлағаны үшін жауапқа тартуды сұраған.

Сот қылмыстық істі қарау барысында  анықтағандай, жеке айыптаушы М.-ның шағымын және түсініктемесін растайтын Т.-ның оның  абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткені туралы нақты, даусыз дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған. Осыған байланысты Т.-ның әрекетінде ҚР ҚК-нің 131-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына  сәйкес, ақтау үкімі қабылданды.

Т.-ға қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеу құқықтары түсіндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі