Құқық бұзушылықты жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы Ә.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 2-бөлігі жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер жасаған үшін әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Ә. 2017 жылдың 04 маусым күні сағат 22.30-тың шамасында, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылына екі шақырым жетпей, «LADA-21310» маркалы автокөлігін мас күйінде басқарып, ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағын бұзып, жер жолда аударылған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ә. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі