Көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, автокөлікті мас күйінде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608-бабының  6-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), азамат К.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істің мәні бойынша, алкогольдік ішімдік күйінде, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, «Daewoo Espero»  маркалы автокөлігін басқарып, сонымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы азамат К. өзінің кінәсін толық мойындаған.

Сот азамат К.-ға 20 (жиырма) тәулікке қамауға алу  түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі