Қоғамдық орында масаң күйде жүрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының  4 бөлімімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) азамат К-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, аз.К  қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 2017 жылғы 27 ақпанда Мұғалжар ауданы, Жем стансасында теміржол перронында, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде  жүрген.

Құқық бұзушы аз.К. сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы аз.К ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлімімен кінәлі деп танылып, ол 3 (үш) тәулікке қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі