Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында төраға А.Т.Анарбаевтың, судья Ш.Е.Есжанованың, кеңсе менгерушісі А.К.Маденованың, кеңсе мамандары және МКҚБ ММ полиция  взводының   командирі полиция  капитаны Е.В.Стацюк, «Күзет» қызметкерлері Лиманов М, Малайдаров А, Ажмуратов Т, Сагиев М. және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Қобда аудандық сотының төрағасы өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы қолданысқа енгізілгенін атап өтті.  Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарын айтып берді. Соынмен қатар төраға Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететінін, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін ерекше айтып көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары адам мен азаматтың заңды мүдделері мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауға, заңдылыққа, жариялылық пен ашықтыққа, мемлекет пен азаматтық қоғам бірлестігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі әрі кешенді жүргізуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға шаралар қолдануға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін тұлғаларды ынталандыруға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуге негізделген.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі