Әкімшілік іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша, яғни ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді жасаған үшін аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Е. өз үйінде өзінің туған әкесіне былапыт сөйлеген.

Құқық бұзушы Е. өз кінәсін толық мойындап берген жауабымен қатар, іс-құжаттарына тіркелген әкесінің арызы, полиция қызметкерінің баянатымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен өз дәлелін тапқан.

Сот қаулысымен азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиатордың қатысуымен жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі