Әкімшілік істе тараптар бітімгерлік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 2-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Е.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат Е.С. өзімен бірге тұратын анасы Б.Т.-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші Б.Т. құқық бұзушы Е.С.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен әкімшілік іс өндірісі Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату) сәйкес тоқтатылды.

Сонымен қатар, Е.С.-ның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы аудандық ІІБ-нің өтінішхатын сот қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі