Қайталанып жасалған құқық бұзушылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушы туралы Кодексінің  442-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында кәмелетке толмаған А. сағат 01.00-де  заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған, яғни  кәмелетке толмағанның анасы Ш.-ға ескерту әкімшілік жазасы қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде аталған құқық бұзушылықты баласы А.-мен  қайталап жасауына жол бергені анықталды.

Сотта әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматша Ш. өз кінәсін толық мойындады.

Сот азаматша Ш. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған аталған бапта көзделген санкция көлемінде әкімшілік жаза түрінде 15 айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде 34 035 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салып, кәмелетке толмаған А.-ға  тәрбиелік ықпал ету шараларының ерекше талаптары қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі