ювеналды сот

«Ашық есік күні»

18/01/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Ата-ана арасында балаға қатысты дау медияция тәртібімен реттелді

16/01/2018

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Е.-нің жауапкер К.-ге кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптардың сот медиациясын өткізу туралы өтініш білдірді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша жауапкер К. кәмелетке толмаған А.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Е.-мен бірге айқындауға келіседі.

Ювеналдық соттағы партисипативтік келісім

22/06/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Г.-ға кәмелетке толмаған баланың әкелігін тану және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Ата-ана арасында балаға қатысты дау сот медиация тәртібімен реттеліп шешілді

19/06/2017
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Е.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады. Келісілген шарт бойынша:
Е. он жасқа толған баласының пікірін ескеріп, баласы Т.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.

Ата-ана арасында балаға қатысты дау сот медиация тәртібімен реттеліп шешілді

09/06/2017
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Е.-ге кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады. Келісілген шарт бойынша, Е. он жасқа толған баласының пікірін ескеріп, баласы Т.-ның тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.

Баламен араласу тәртібін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен шешілді

06/06/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Н.-дың жауапкер С.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмағанның заңды өкілісіз жүруі

22/05/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132- бабының 1-бөлігімен  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Баламен араласу тәртібін айқындау туралы дау сот медиациясы тәртібімен шешілді

16/05/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер Н.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медациясы тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе қаласының ювенальдық полициясында семинар-кездесу өткізді

16/05/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы Н.Б.Ормаханов және судья Муратов К.М. Ақтөбе қаласының ювенальдық полициясында «әкімшілік істерді қараудағы мәселел және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» атты тақырыпқа семинар-кездесу өткізді. Семинар – кездесуге Ақтөбе қаласының және аудандық бөлімдердің ювенальдық полиция инспекторлары қатысты.

Кәмелетке толмаған балалардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін заңды өкілдердің жауаптылығы

20/04/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435- бабымен   Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Беттер