«Істерді және жадығаттарды мұрағатқа тапсыру тәртібі» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Істерді және жадығаттарды мұрағатқа тапсыру тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Аталған шараға аудандық соттың судья Ж.Кунаева, кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева және сот мамандары қатысты.

Кеңсе бас маманы Н.Бирманова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасымен таныстырып өтті.

Кеңсе бас маманы Н.Бирманова өз баяндамасында істерді және жадығаттарды мұрағатқа тапсыру тәртібі туралы сөз сөйледі. 2016 жылдың 12 айында электрондық мұрағат жұмысы туралы жасақталған анықтамасын талқылады.

Семинарға қатысушылар бірқатар мәселелі сұрақтарды талқылап, нәтижесі бойынша ұсыныс дайындалды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі