«Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында «Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.Бисенғали, аудандық прокуратурасының прокуроры С.Байдильдин, аудан әкімдігінің өкілі Ә.Сарин, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы Г.Шамиева, «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ырғыз аудандық филиалының төрағасы Ә.Қарпық және  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ырғыз аудандық филиалының төрағасы А.Бисенбай қатысты.

Шара барысында сот төрағасы А.Бисенғали баяндама жасап, Ата Заңымыздың 33-бабы 4-бөлігіне сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруда тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті.

Гендерлік саясат - ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікке жағдай жасауға қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуді талап ететінін, сондай-ақ, гендер ұғымы қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтынын айтып өтті.

Аталған саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. Жарлығымен «Отбасы және әйелдер мәселесі жөнінде»  Ұлттық комиссия құрылды, келесі жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі еліміздегі әйелдердің жағдайын жақсарту мақсатында Ұлттық жоспарын құрды.

 «Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы» халықаралық Конвенцияны Қазақстан Республикасы өзінің 29.06.1998 ж. №248 Заңымен ратификациялап, оған қатысушы болды.

Ел басының 29.11.2005 ж. №1677 Жарлығымен «ҚР 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» бекітілді.

ҚР Президентінің 06.12.2016 ж. №384 Жарлығымен «ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бекітілді.

08.12.2009 ж. жарық көрген ҚР «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңы талқыланды.

Шара соңында қатысушылар тақырып бойынша көптеген сұрақтар көтеріп, өзара пікір алмасып, сот төрағасы қатысушыларға алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі