Дауды татуласу рәсімімен шешу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Е.-ның жауапкер И.-ға кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар  сотқа татуласу келісімін тапсырып, онда араларындағы келісілген шарт бойынша:

Жауапкер И., кәмелетке толмаған 2008 жылы дүниеге келген баласы М.-ның тұрғылықты жері және заңды мекен-жайын анасымен бірге айқындауға келіседі.

Өз кезегінде талап қоюшы Е., кәмелетке толмаған 2002 жылы дүниеге келген баласы Н.-ның тұрғылықты жері және заңды мекен-жайын әкесімен бірге айқындауға келіседі.

Тараптар көрсетілген шарттарға толығымен келісіп, кәмелетке толмаған М.-нің әкесімен араласуына қарсылық көрсетпеуге, сондай-ақ кәмелетке толмаған Н-ның анасымен араласуына қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы Е. талап арызынан бас тартады.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі