Дау сот медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер Ш.-ға әкелікті анықтап, алимент өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын ала сот отырысында іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиациясы өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Жауапкер Ш., кәмелетке толмаған 2017 жылы дүниеге келген баласы Д.-ға қатысты әкелікті тануға келіседі, сондай-ақ, ай сайын, талап қоюшы К.-ның пайдасына кәмелетке толмаған Д-ны асырап бағу үшін, 2018 жылдың 25 сәуір айынан бастап, оның барлық табысының және өзге де кірісінің ¼ мөлшерде алимент төлеуге міндеттенеді.

Өз тарапынан талап қоюшы К., жауапкер Ш.-мен қызы Д.-ның кездесуіне қарсылық көрсетпейді.

Талап қоюшы К. талап арызынан бас тартады.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі