Дау сот медиациясы тәртібімен реттеу жолымен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйткеби аудандық сотымен талап қоюшы С. жауапкер С. кәмелетке толмаған баласын үш жасқа толғанға дейін күтіп бағуға өзінің пайдасына 6 АЕК көлемінде ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы С.А. 2017 жылы 07 ақпанда туған С. атты баласының күтіміне байланысты жұмыс жасамайтыны, ал жауапкер С.К. өз еркімен қосымша материалдық көмек көрсетпейтіні анықталды.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2017 жылғы 08 маусым ұйғарымымен азаматтық істі медиация тәртібімен реттеп, жауапкер С.К. талап қоюшы С.А. пайдасына 2017 жылы 07 ақпанда туған С. үш жасқа толғанға дейін, ай сайын 13 614 теңге мөлшерінде төлеуге міндеттенді, талап қоюшы С. өз жағынан қойған талабынан бас тартты.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі