Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-бабының 1-бөлімімен (жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы) азаматша Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамаша Д. «А» АҚ-ның финанстық есептілігін жүргізуге жауапты лауазымды тұлға бола тұра, 2012 жылдың 12 шілдесінен 2015 жылдың 7 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi тиісті дәрежеде орындамаған, яғни бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасаған.

Сот қаулысы бойынша азаматша Д. әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 212 100  теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі