Бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «М» ҚЖС-нің «А» ШҚ-нан  қарыз сомасын  өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сай 2014 жылғы 4 тамызда «М» ҚЖС мен «А» ШҚ арасында цехты іске қосу мен тері дайындау және өңдеу үшін 14 000 000 (он төрт миллион) теңге сомасында 2016 жылғы 4 ақпанға дейін микронесие беру туралы шарт жасалған.

Несиені өтеу жылына бір рет іске асуы тиіс болған. Өтеу мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеге дейін созылған, алайда борышқор көрсетілген мерзімде несиесін өтемеген. Несиені алған күннен қазіргі сәтке дейін борышқор 8 073 000 (сегіз миллион жетпіс үш мың) теңге төлеген.

Талап арызда талап қоюшы 8 046 875 (сегіз миллион қырық алты мың сегіз жүз жетпіс бес) теңге өндіруді сұраған, оның ішінде 6 000 000 теңге сомасында негізгі қарыз, 250 000 теңге сомасында 4 ай 5 күн үшін сыйақы, 1 562 500 теңге өтелмеген қарыз сомасының 25 пайызы көлеміндегі айыппұл, 234 375 теңге сомасында баж.

Сот отырысында тараптардан медиация жүргізу туралы өтінішхат және дауды медиация тәртібімен реттеуді бекіту туралы келісім түсті, оның шарттарына сәйкес:

  • Талап қоюшы талап сомасын 6 750 000 (алты миллион жеті жүз елу мың) теңгеге дейін азайтады. Оның ішінде: 6 000 000 (алты миллион) теңге сомасында негізгі қарыз, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге сомасында сыйақы, 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында уақытылы өтелмегендігі үшін айыппұл.
  • Жауапкер 6 750 000 (алты миллион жеті жүз елу мың) теңге сомасындағы қарызды 2017 жылғы 15 қазанға дейін, келесі түрде: 1 687 500 (бір миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңгені 2017 жылғы 15 шілдеге дейін, 1 687 500 (бір миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңгені 2017 жылғы 15 тамызға дейін, 1 687 500 (бір миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңгені 2017 жылғы 15 қыркүйекке дейін, 1 687 500 (бір миллион алты жүз сексен жеті мың бес жүз) теңгені 2017 жылғы 15 қазанға дейін төлеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы талабының қалған бөлігінен бас тартады.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, сонымен қатар 234 375 (екі жүз отыз төрт мың үш жүз жетпіс бес) теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі