Билік өкiлiн қорлағаны үшін жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 378-бабының  1-бөлімімен /билік өкiлiн қорлау/,            379-бабының 1-бөлімімен /билік өкілінің заңды талабына бағынбау/ айыпталған аз.Т.-ға  қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдарына сай, Мұғалжар ауданы Ембі қаласында полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша, өз қызметтік  міндеттерін атқару кезінде, аз.Т.-ның спирттік ішімдік ішкен күйде жүргенін байқаған полиция қызметкерінің мастық дәрежесін анықтау мақсатындағы заңды талаптарына бағынбай, полиция қызметкерлерін балағаттап, қорлап, дөрекі мінезін көрсетіп, бөлімшеге бармайтынын айтып, қарсылық көрсеткен. Содан полиция бөлімшесіне мәжбүрлеп жеткізілген. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша аз.Т. ішімдік ішкен мас күйінде болғандығы анықталған.

Сот отырысында сотталушы аз.Т. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін көрсеткен.

Соттың үкімімен сотталушы аз.Т. ҚР ҚК-нің 378-бабының  1-бөлімімен, 379-бабының  1-бөлімімен кінәлі деп танылып,  оған ҚР ҚК-нің  378-бабының 1-бөлімімен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  68070  теңге, ҚР  ҚК-нің  379-бабының 1-бөлімімен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  68070 теңгеге, ҚР ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жазаларды толық қосу арқылы оған 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 136 140 теңгеге айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі