Баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған үшін айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің    127-бабының 1 бөлімімен  (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы)  азамат Т.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сай, 02 наурыз 2017 жылы, Мұғалжар ауданы, Алтынды  ауылының тұрғыны  азамат Т. баласын қараусыз қалдырып, жасы кәмелетке толмаған  балаласы екі ай бойы сабаққа бармай, тәрбиелеу мен  оқыту жөніндегі  міндеттерін орындамаған.

Сот отырысында аз.Т-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы хаттамамен, түсініктермен және де іс құжаттарындағы басқа да  материалдармен толықтай дәлелін тапты.

Сот қаулысымен аз.Т.  ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 7  (жеті) айлық есептік көрсеткіш есебінде, 15883 (он бес мың сегіз жүз сексен үш)  теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі