Баланың тәрбиесіне байланысты дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер Е.-ға кәмелетке толмаған баламен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Жауапкер Е. талап қоюшы Д.-ға кәмелетке толмаған баласымен әр аптаның сенбі күні сағат 17.00-ден бастап жексенбі күні сағат 17.00-ге дейін талап қоюшы Д.-ның тұрғылықты жері бойынша араласуына келіседі.

В свою очередь истец Д. обязуется предупредить мать ребенка о своем приходе и в указанное время забрать и привести ребенка к матери.

Өз тарапынан талап қоюшы Д.  жауапкер Е.-ны, бір күн бұрын келетінін ескертіп және аталған уақытта баланы уақытылы алып, қайта анасына әкелуге міндеттенеді.

Талап қоюшы Д. талап арызынан бас тартады.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен сот медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі