Балаларға қатысты ата-ана дауы сот медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер У.-ға кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісі мшарты бойынша:

Жауапкер У., кәмелетке толмаған 2008 жылы дүниеге келген баласы В.-ның тұрғылықты жері және заңды мекен-жайын әкесімен бірге айқындауға келіседі.

Өз кезегінде талап қоюшы А., кәмелетке толмаған 2010 жылы дүниеге келген баласы Ә.-ның тұрғылықты жері және заңды мекен-жайын анасымен бірге айқындауға келіседі.

Тараптар көрсетілген шарттарға толығымен келісіп, кәмелетке толмаған Ә.-нің әкесімен араласуына қарсылық көрсетпеуге, сондай-ақ кәмелетке толмаған В-ның анасымен араласуына қарсылық көрсетпеуге міндеттенеді.

Талап қоюшы А. талап арызынан бас тартады.

Тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 178, 278-баптары бойынша, іс жүргізуді тоқтату тәртібі мен салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымымен сот медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі