«БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарды сотта пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар  ауданының №2 аудандық   сотында  «БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарды сотта пайдалану» тақырыбында семинар  өткізілді.

Аталған шара соттың БАҚ-мен координаторы судья Ж.Кунаеваның, сот мамандарының, ҚР ІІМ-нің Мұғалжар аудандық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) мекемесі қызметкерлерінің және «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында судья-координатор сот ғимаратының аумағына өткізілуге тиым салынған техникалық құралдар: видео, фото, түсіру, тікелей радио құрылғыларын  алып кіру және телетрансляцияны пайдалану мәселелері бұл тікелей сот төрағасының немесе сот отырысында төрағалық етуші судьяның  пікірімен ескеріле отырып шешілетіндігін айтып өтті, сонымен қатар полиция постына беру үшін БАҚ өкілдерінің тізімі алдын-ала баспасөз хатшысы, не судья-үйлестірушіге беріледі; сот ғимаратына БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарымен БАҚ-на қатысы барын дәлелдейтін құжаттары болғанда ғана кіруге рұқсат беріледі.

Семинарға қатысушылар өткізу және ішкі обьекті режимінің негізгі қағидаларын талқылады.

Шара соңында семинарға қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі