БАҚ-өкілдерімен брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында 27.06.2017 жылы «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» атты тақырыпта брифинг өтті.

Брифингке Мұғалжар аудандық сотының судья  А.Е.Мусина және жергілікті «Мұғалжар» газетінің редакторы А. Е. Искарин  қатысты.

Өз сөзінде судья 2015 жылы 31 қазанда Азаматтық процессуалдық кодексінің жаңа институты – оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу, жаңа институт - оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу регламенті 13-тарауда көрсетілгені туралы тоқталып өтті.

Сонымен қатара, қатысушыларға оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінің қарау мерзімдерімен, істердің санаттарымен, оның ішінде  оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралатын істермен және басқада сұрақтармен таныстырып өтті.

Брифинг барысында судья  есептік кезеңнің көрсеткіштеріне тоқталып өтті: 2017 жылдың 6 айында аудандық сот өндірісіне  907 азаматтық іс қаралып, аяқталды. Оның 404 ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған, оның ішінде 404 іс бойынша шешім шы5арылды, ал 104 іс қысқартылып,  оның ішінде бітімгершілік келісімімен – 23, медиация келісімімен – 60, партисипативтік келісіммен – 2 азаматтық істер аяқталған.

Брифинг соңында судья А.Е.Мусина БАҚ-өкілдердің сұрақтарына сот тәжірбиесінен мысал  келтіріп,  толық жауап берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі