Аң аулау тәртібін бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкер К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат К. бұрын Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартыла отырып, қайтадан 2017 жылдың 17 қаңтарында шамамен 16 сағат 47 минутта, Курайлы поселкесіндегі көлік жолы мен теміржол аралығындағы аумақта, Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 38 бабының 5 тармағының 26 тармақшасының талабын бұзып, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз қабынан алынған қарумен қоян аулап, аңшылықпен айналысқан, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382 бабының 2 бөлімінде  (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бұзу) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен  оған 34035 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі