Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында ҮЕМ мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы А.Т.Анарбаев Елбасының республика судьяларының VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттер туралы баяндады. Ол сөзінде съез делегаттары Судьялар әдебінің жаңа кодексін талқылап, бірауыздан қабылданғанын атап өтті. Жаңа кодексте  судьялардың кәсіби қызметтегі, қоғамдағы, жанұядағы және тұрмыстағы мінез-құлқының әдептік негізін реттемелейтін нормалар мен қағидалар қайта қаралды.

Кеңсе меңгерушісі А.К.Маденова Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты электрондық сот төрелігінің дамуына ерекше назар аударылатынын айтып, сот хабарламаларын «Гибридтік пошта»арқылы жолдау, сотқа қатысушы тараптарға смс-хабарламаларын жіберу, сот отырыстарын үн-бейне жазба құрылғысымен өткізу және «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің маңызы туралы тоқталып өтті.

Судья Ш.Е.Есжанова өз сөзінде жаңа электронды технологиялардың іске қосылуы арқасында тараптар процессуалдық мерзімдерді қарауға, мемлекеттік бажды онлайн-режимінде төлеу, сот құжаттарын бақылай алатыныны туралы сөз қозғады.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі