Атқару құжаттарын орындауға жолдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар  аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова  сот отырысының хатшыларын «Қаулыларды, сот актілерін» нұсқаулықпен қосымша таныстырып, сот актілерін орындауға жолдаған кезде электрондық түпнұсқасының әр реквизиттерін, яғни өндіруге жататын сомасын, орындалатын кұжат түрін толығымен толтыруды тапсырды. Сонымен қатар,  «Төрелік» АЖ бағдарламасында «Сот ісін  жүргізу» бөлігінің «Сот актілерін орындау» журналында атқару құжаттардың статусы бойынша «қозғаудан бас тартылды», «орындалмай  қайтарылды», «орындалуда» бөліктері арқылы бақылауды жүргізуге болатынын айтты. 

Шарада  кеңсе меңгерушісі сот отырысының хатшыларына сот актілерін орындауға қалай жіберілетінін нұсқаулыққа сәйкес, «Төрелік» АЖ-де көрсетіп түсіндірді.

Шара соңында кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова сот отырысы хатшыларының қойған сұрақтарына жауап беріп, атқару құжаттарын дұрыс және уақытылы кешіктірілмей жіберулерін талап етті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі