«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда  аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында кезекті іс шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.

Қобда  аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаевтың  қабылдауына аудан тұрғындары  неке және отбасылық заңнамасы және еңбек өтілін анықтау бойынша сұрақтарымен  жүгінді.

Сот  төрағасы А.Т.Анарбаев  тыңдап, кейбір заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі