Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыру, төрешілдікті азайту, соттың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелерін үнемі назарынан тыс қалдырмай келеді.

Халық пен соттың арасын жақындату, сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және соттың жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында  Қобда  аудандық сотында «Ашық есік күндері», төрағаның азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде болып тұрады.

27 шілде    2017 жылы  Қобда  аудандық сотында сот төрағасының жеке қабылдауына Қобда  ауданының   тұрғыны   азаматша  К.  заңдық  маңызы бар  фактісін  анықтау   туралы  сұрағымен   жүгінді.

Төраға  А.Т.Анарбаев   осы азаматша К.-ға    жүгінген  мәселесі бойынша құқықтық кеңестер беріп, заң талаптарын түсіндірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі