Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Төраға м.а. Ж.Кунаева өткізілген «Ашық есік» күнінде 2 жеке тұлға Ембі мен Жем қаласының тұрғындары азамат К.Нуралин соттылығын жою бойынша және А.Конарбаев кассациялық тәртібінде шағым беру жөнінде сұрақтарымен келді.

Іс-шара барысында оларға қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме беріліп, сонымен қатар даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі