Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында Б. мен К. тумалар арасында бала асырап алу және ата-аналық құқығынан айыру туралы сұрақтарымен жүгінді.

Аталған сұрақтар бойынша сот төрағасы Н.Б.ОрмахановпенҚазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарынтүсіндірді.

Сондай-ақ,сот төрағасы «Ашық есік күні» сот жүйесінің ашықтығымен жариялылығын, халыққа құқықтық көмек көрсету  және соттың имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілетіндігін атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі