Ақы төленетін еңбек демалысын бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (ЖШС) қатысты әкімшілік іс қаралды.

Талқылау кезінде, «А» ЖШС-гі  2015 - 2016 жылдары кезеңдері үшін, ҚР Еңбек кодексінің 94 бабының 3 бөлімінің талаптарын бұзып, қызметкерге ақы төленетін еңбек демалысын бермеген, сөйтіп Қазақстан Республикасының әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің 88 бабында (жұмыс берушінің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуі) көрсетілген әкімшілік  құқық  бұзушылықты  жасаған.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 94 бабының 3 бөліміне сәйкес пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.        

Соттың қаулысы бойынша ЖШС кінәлі деп танылып, 136 140  теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.            

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі