Ақтөбе облысының соттарында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңын талқылау бойынша жедел кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының соттарында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңын талқылау бойынша жедел кеңес өткізілді.

Кеңеске сот төрағалары мен судьялар, кеңсе меңгерушілері мен сот мамандары қатысты.

Сот төрағалары  «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша, атап айтқанда: судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімі отыз жасқа дейін жоғарлатылғаны; тағылымдамадан және полиграфологиялық зерттеуден өту талаптары жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайтыны; бос судья лауазымдарына конкурсқа қатысушылардың барлығы құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің және облыстық сотттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алуға тиістігі, сонымен қатар, егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушы өзі судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, конкурсқа қатысуға жіберілгеннен кейін облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайта алуға тиіс еместігі, сондай-ақ, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар да Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алудан босатылатыны; судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы берілгені жөнінде түсіндірді.

Кеңес соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сот төрағаларымен тиісті жауап берілді, сонымен қатар сот төрағасы жоғарыда аталған заңнамалық түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауды тапсырды. 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі