Ақтөбе қаласы №2 сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы №2 сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сот приставы А.Жакеновтың баяндама оқуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Г.Ихсанова және бас мамандар мен жетекші мандар қатысты.

Өз баяндамасында А.Жакенов жемқоролыққа қарсы күрес туралы ҚР заңнамасына нақты тоқталып, талаптарын түсіндірді. Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты- жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қатаң түрде сақталып, орындалуы.

Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі Г.Ихсанова сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтінін баса айтып көрсетті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында осы талқыланған тақырыпта қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі