120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) азамат  Ж.-ға қатысты қылмыстық  теріс қылық туралы іс қарады.

Іс материалдары бойынша, 17.05.2017 жылы сағат 21.10-шамасында сотталушы Ж. енесі Ү.-мен сөзге келіп, оны ұрып денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сот отырысында  сотталушы Ж. өз кінәсін мойындамай, жәбірленушімен ұрысқандарын, бірақ оны ұрмағанын айтып көрсетті.

Соттың сотталушы Ж.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің  108-бабымен кінәлі деп танылып, оған  бір жүз жиырма сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы  тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі