1 158 327 теңге қарыз ақша өндіру туралы дау сот медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Әйтке би аудандық сотымен талап қоюшы Е.-ның жауапкер А.-дан 1 158 327 теңге қарыз ақша және 5 500 теңге сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы 2014 жылы 03 маусым айында талап қоюшы  Е. мен жауапкер А., жол апаты салдарынан материалдық шығынды өндіру туралы шарт жасалған, жауапкер өзінің міндетін орындамай, қазіргі күнге 1 158 327 теңге берешек болғаны анықталды.

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сот ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен реттеліп, жауапкер А. 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін 1 158 327 теңге берешекті төлеуге міндеттенді, талап қоюшы Е. өз жағынан қойған талабынан бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі