Управляя автомашиной без документов допустил столкновение

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ол көлік құралын жүргізу құқығы жоқ тұлға бола тұра, 2017 жылғы 5 ақпанда шамамен 16 сағат 40 минутта, Ақтөбе қаласындағы Ә.Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысында, «Mercedes» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жолдың тайғақ бөлігінде жол және метерологиялық жағдайды ескермей, төрт жол жолағы бар екі жақты қозғалысты жолда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып кетіп, нәтижесінде К-ның басқаруындағы «Renault» авокөлігіне соқтығысып, көліктерге материалдық шығын келтірген, сөйтіп ол ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.4.1, 10.1, 9.2 тармақтарының талабын өрескел бұзып, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 3-бөлімінде (көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адамның жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын  бұзып, көлiк құралдарын  бүлдіруге әкеп соғып, материалдық залал келтiруі) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат Ш. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК көлеміндегі 45380 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі