Өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен   Қазақстан Республикасының Әкімшіліік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабының 1-бөлігінде (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегiмiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған бизнес орталығының иесі жеке кәсіпкер Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды,  2017 жылдың 05 сәуірінде  бизнес орталығын терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету сұрағы бойынша тексеру барысында, террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамауы анықталған, яғни бейне бақылау телевизиялық жүйесінде 30 күн мерзімга ақпаратты сақтайтын бейне жинағы болмаған.

Осы жасалған әрекет бойынша учаскілік полиция инспекторымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, жадығат жиналып сотқа жолданды. 

Сот құқықбұзушы Б.-ны ҚР ӘҚБтК-нің  149-бабының 1-бөлігімен 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі