Мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының № 2 сотымен ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен айыпталған А.Әзімбаевқа (пара алу) және ҚР ҚК-нің 368 бабының 1 бөлігімен айыпталған М.Еділбаеваға (парақорлыққа делдал болу) қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың қантар айында Ақтөбе қалалық №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының директоры А.Б. Әзімбаев, осы мектептің бас есепшісі М.Еділбаева арқылы мектептің асханасын жеке кәсіпкерлерге жалға бермей, аспазшылар штатын мектептен алып тастамай, жұмыстан шығармау үшін мектептің асхана менгерушісі Ж.-дан пара ретінде ақшалай 300 000 теңге талап еткен.

2017 жылы 18 қаңтарда А.Әзімбаев, бас есепші М.Еділбаева арқылы асхана менгерушісі Ж.-дан 150 000 теңге ақша түріндегі пара алған.

Одан басқа, 2017 жылы 23 қаңтарда А.Б.Әзімбаев жеке өзі асхана менгерушісі М.С.Жаксылыковадан пара берушінің пайдасына жасаған заңсыз iс-әрекетсіздігі  үшін келісілген 300 000 теңге түріндегі параның қалған 150 000 теңге параны жеке өзі алған.

Сотта іске қатысушы прокурор А.Әзімбаевты ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған өзіне тиісілі мүлкі тәркіленіп, білім беру саласында басшылық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

М.Еділбаеваны ҚР ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, білім беру саласында есепші қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән жайлар ретінде сотталушылардың бұрын сотталмағандарын, кінәларын толық мойындағандарын, жасаған іс – әрекеттеріне өкінетіндіктерін,  бұрын сотты болмағандарын, жағымды жағынан мінезделетіндерін, отбасы жағдайларын ескерген.

Ақтөбе қалалық №2 сотының 22 ақпан 2017 жылғы үкімімен А.Б.Әзімбаев ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған өзіне тиісілі мүлкі тәркіленіп,  білім жүйесіндегі басқару лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, жазаны өтеу орны түзеу колониясының жалпы режимінде белгіленген.

         А.Әзімбаев сот залынан қамауға алынды.

М.Еділбаева ҚР ҚК-нің 368 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған өзіне тиісілі мүлкі тәркіленіп, білім жүйесіндегі бас есепші лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерінде 3.000.000 (үш миллион)  теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, сотпен Ақтөбе облысының білім басқармасының атына жеке қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.