Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, автокөлікті масаң күйде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  346-бабының  1-бөлімімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы), азамат А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Істің мәні бойынша, азамат А., көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласындағы Тлепбергенов көшесі бойында «Lifan-215800» маркалы көлігін, алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқарғанып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  346 бабының 1 бөлімімен теріс қылық жасаған.

Сот отырысында сотталушы А. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, өкінетіндігін айтты.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 200 (екі жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза  қолданылды

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі