Қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен талапкер Б.-ның жауапкер Т.-ға қарыз ақшаны туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талапкер Б.  жауапкер Т. 2016 жылы оның дүкенінен 18500 теңгеге азық түлік алып, осы күніге дейін қарызды қайтармаған, сондықтан талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот отырысы  барысында медиация жүргізу шартымен және тараптардың келісімімен, даудың шешілуіне байланысты, талапкер Б. өзінің талаптарынан толық көлемінде бас тартып, ал жауапкер Т. 2017 жылдың 27 наурызына дейін 18500 теңге көлемінде қарыз ақшаны  талапкер Б-ға қайтаруға міндеттеніп, медиация келісімін бекітуді сұрады.

Сот мәжілісінде  тараптар қол қойылған медиация келісімінің шартына және өз еркімен келіскендіктерін  растап, оны бекітіп істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот тараптармен келген медиация келісімді бекітіп,  азаматтық істі өндірістен қысқартты.        

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі