Қаруды заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) Ө-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылы туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, 2017 жылғы 3 наурыз күні сағат 23-00 шамасында, Шалқар қаласында  құқық бұзушы Ө. ішкі істер органында тіркелмеген, «ТОЗ-63» маркалы 16  теріс ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, сақтап, тасымалдап, алып жүрген, яғни құқық бұзушылық жасаған.

Шалқар аудандық сотының қаулысымен азамат Ө. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып және әкімшілік жаза ретінде қару тәркіленіп, оған 45 380  теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі