Азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке «Диапазон» гәзеті, «Актюбинский вестник» гәзеті, «Рика ТВ» телеарнасының, радио «Тандем» өкілдері қатысты.

Баяндамашы судьялар  А.М Жүсіпов, А.Имантаева, Ж.С.Жұбатова.

Баяндамашылармен брифинг барысында қоғамдық қызығушылық туғызатын істер «Батыс Транзит ХХI век»  ЖШС «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-нің іс-әрекетін және хабарламасын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі, «Атырау Жолдары» ЖШС-нің «Ақ-жол К» ЖШС-не ұсақ тасты беруді міндеттеу және сома өндіру туралы талап арызы және «Ақ-жол К» ЖШС-нің «Атырау Жолдары» ЖШС-не ұсақ тасты алып кетуге, аумақты тазалауды міндеттеу және сома өндіру туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша және де «Ауылгаз» ЖШС-і "Ақтөбе облысы бойынша қаржы бақылау инпекциясы" ММ , "Ақтөбе облысының мелекеттік сатып алу бойынша басқармасы" ММ-не қарсы "Ақтөбе облысының мелекеттік сатып алу бойынша басқармасы" ММ-нің  іс-әрекетін заңсыз деп тану мемлекеттік сатып алу байқауының корытындысы бойынша хаттаманы бұзу және «Ауылгаз» ЖШС мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпазы деп танылған хаттаманы қалпына келтіруге міндеттеу, мемлекеттік сатып алу байқауын қайта жариялау әрекетін заңсыз деп тану және оны бұзуға міндеттеу, «Ақтөбе облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы» ММ-нің ұсынысын заңсыз және бұзуға жатқызу деп тану туралы азаматтық ісі бойынша мәлімет берілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі