Архив событий

14/07/2015

Құқық бұзушылықтардың жиынтығы

14/07/2015

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен, 297-бабының 1-бөлігімен  азамат У. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, азамат У. 35,20 грамм кептірілген марихуана  есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, өз үйінде сақтап, Ә-ге өткізген және салмағы 10,06 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Азаматтармен кездесу өткізілді

14/07/2015

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында Мұғалжар ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік»  күні өткізілді.

Сот төрағасы А.Сабыровқа азаматша М.Сатаев және М.Ешниязова  тұрғын үй  мәселесі және қарыз ақшаны өндіру бойынша  сұрақтармен жүгінді.

Кездесудің нәтижесі бойынша келушілер заң талабына сәйкес жауаптар берілді. 

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

14/07/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» жауакер РМК-ы «С-А» АҚ-нан шығын сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру

14/07/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен азаматша  А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігі  негізінде қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, азаматша А. Қандыағаш қаласында  пайдакүнемдік ниетімен табыс табу мақсатында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 24 ақпан 2015 жылы букмекер мекемесін ашқан, яғни заң шығарушы органның тыйым салуына қарамастан лицензиясыз ойын бизнесінің қызметімен айналасып клиенттеріне ойындарға қатысып, қосымша шығынсыз ұтыс алуына мүмкіндік ұйымдастырған.

«Гендерлік теңдік стратегиясы»

14/07/2015

Қобда аудандық сотында   «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифингке сот төрағасы А.Т.Анарбаев және «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай қатысты.

Брифинг өту барысында сот төрағасы ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.