Архив событий

24/07/2015

Ақтөбе облыстық соты 2015 жылдың бірінші жарты жылдық жұмысын қорытындылады

24/07/2015

Ақтөбе облыстық сотында 2015 жылдың бірінші жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасының кеңейтілген туралы жалпы отырыс өткізілді.

Жалпы отырысқа облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың апелляциялық сот алқа төрағалары: қылмыстық істер бойынша –Дәмеш Әбдаліұлы Әбдалі және азаматтық және әкімшілік істер бойынша - Нұрсапа Маханбетұлы Примашев, Ақтөбе облыстық сотының кеңсе басшысы Әсет Ғалымжанұлы Мамбетов, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, судьялар, БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлт жоспары – мемлекетіміздің игілігі үшін»

24/07/2015

Күрделі геосаяси жағдай мен құбылған ахуал дүние жүзіндегі әр мемлекеттің алдын ойлауға мәжбүр етеді. Әлемдік экономикадағы қалыптасқан қатал халықаралық бәсекелестік пен еңбек бөлінісі – бүгінгі уақыттың жаңа талаптарының бірі. Сол себепті де Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев республикамыздың рухани, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, жалпы барлық салалары бойынша барлық көрсеткіштерін жоғары дәрежеге көтеру мақсатында көптеген бағдарламалардың қабылдануына басшылық жасап, ұйымдастырып келеді.

«Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі жаңашылдықтар» және «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» туралы дөңгелек үстел

24/07/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі  жаңашылдықтар»  және «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Ж.Балмұқанов, судьялар, қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушы қатысты.

Іс шара барысында судьялар Е.С.Бақытжан, Р.К.Кустанова, Қ.Қ.Қуандық дөңгелек үстел тақырыптарына сай баяндама оқыды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру

24/07/2015

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.М. Жүсіпов «Ақтөбе-радио» радио-эфирінің «Барлығы жайында аз-аздан» бағдарламасында «Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» 23 қадам: Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді кұру. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін Инвестициялық алқаны ұйымдастыру тақырыбында сұхбат берді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру» туралы дөңгелек үстел

24/07/2015

Мәртөк аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы М.Дүйсен, аудандық прокуратура өкілдері, АІІБ-не қызметкерлері, қорғаушылар, сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы өз сөзінде істері бойынша кейбір кемшіліктерге тоқталып, әкімшілік материалдардын толтыру тәртібін түсіндірді., жасалған құқық бұзушылықты дәлелдеу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың сапасыз толтырылатынын атап көрсетті.

Тіркелу мерзімін бұзған

24/07/2015

Хромтау аудандық сотында Ресей Федерацияның азаматты А. қатысты Қазақстан Республикасының ӘКБтК – нің 517-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Әкімішілк істің мәні бойынша, Ресей Федерацияның азаматы А. тіркеу кезінде көші-қон карточкасында  көрсетілген тіркелу мерзімі өткен кезеңнен кейін  Қазақстан Республикасының аумағынан шығудан жалтарған, яғни 2015 жылдың 19 мамыр айына дейін заңсыз тұрған, сонымен ӘҚБтК-нің 517-бабының 2- бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Балаларды тәрбиелеу ата-ананың міндеті

24/07/2015

Балалардың өздеріне тыйым салынған нәрселерге үйір болып келетіні белгілі. Міне осылайша олар түнде қыдыруға, көшеге шығуға әуестенеді. Соның салдарынан  кешқұрым тексеру жүргізетін полиция қызметкерлерінің назарына түседі.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлімі бойынша құқық бұзушылықты жасаған азаматша В. қатысты әкімшілік іс қаралды.