Архив событий

17/07/2015

2015 жылдың 1 жартыжылдығында сотпен атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты

17/07/2015

Хромтау аудандық сотында 2015 жылдың 1 жартыжылдығында сотпен атқарылған жұмыстар  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы  А.Ә.Мұқанов  және  жергілікті БАҚ өкілі Л.Абдирова  қатысты.

2015 жылы 1 жартыжылдықта   сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау қатаң жолға қойылған.

Билік өкіліне бағынбау

17/07/2015

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының 379-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Б. қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Миграция заңнамасын бұзған

17/07/2015

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігі бойынша  Өзбекістан Республикасының азаматы У. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жол көлік оқиғасының нәтижесі

17/07/2015

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей 2015 жылдың 8 сәуір айында Самара-Шымкент тас жолының 1138 шақырымында  сотталушы К. ауыр дәрежелі алкогольдік мас күйінде, басқаруындағы «Subaru Forester» маркалы автокөлігінің басқаруына ие бола алмай, автокөлік жол шетіне аунап түсіп, өртеніп кеткен. Автокөлік ішінде болған 4 жолаушының денсаулықтарына залал келіп, кейін бір жолаушы алған дене жарақатынан кайтыс болған.

Бережақты өндіру туралы дау бітімгершілік келісіммен шешілді

17/07/2015

Ақтөбе қалалық сотында талапкер азаматша А-ның жауапкер азамат Л-тан  бережақты өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысының барысында 2014 жылдың 14 қарашасында жауапкер Л.  200 000 теңге қарызға ақша алғаны, осы туралы өз қолымен қолхат жазып, 2015 жылдың 30 қаңтарына дейін толық қайтаруды міндеттенгені туралы аңықталған. Алайда осы күнге дейін қарызын қайтармаған, сол себепті талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

17/07/2015

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингтте аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров, Узбекистан Республикасының азаматшасы Ш. 2015 жылы 10 наурыз айында Қазақстан Республикасына келіп, көші-қон карточкасында бірінші тіркелуі наурыз айынан мамырдың бесіне дейін ұзартылған. Сол уақыттан бері Қазақстан Республикасы аумағынан шықпай, 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін тіркеу ұзартуына келмей, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.