Архив событий

31/07/2015

«100 нақты қадам»Ұлт жоспарын іске асыру бойынша көшпелі дөңгелек үстел

31/07/2015

Елбасының «100 нақты қадам»Ұлт жоспарын іске асыру бойынша Ақтөбе қалалық сотында көшпелі дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Ақтөбе облыстық сотының судьялары, қалалық сот судьялары, құқық қорғау органдар өкілдері, судья қызметіне үміткерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді

31/07/2015

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке «Диапазон» гәзеті, «Актюбинский вестник» гәзеті, «Рика ТВ» телеарнасының, радио «Тандем» өкілдері қатысты.

Баяндамашы судьялар  А.М Жүсіпов, А.Имантаева, Ж.С.Жұбатова.

Ақтөбе қаласының №2 соты 2015 жылдың бірінші жартыжылдық бойынша жұмысын қорытындылады

31/07/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер бойынша түсіндірме баспасөз мәслихаты өткізілді.

Шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Р.Кустанова,  судьялар  П.Атыбаева, Қ.Қуандық, соттың БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты судья-үйлестірушісі А.Адилова, БАҚ-пен өзара ықпалдастық жұмысына жауапты Н.Мендибаева  және  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел

31/07/2015

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сөт тарағасының м.а. С.У.Абишева, Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында әкімшілік құқықтың алдын-алу мәселесі д талқыланып, іс жүргізу сапасын арттыру қажеттігі айтылды. Қатысушылар құқық қорғау органдарының өкілдері әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз етуге қатысты көкейлерінде жүрген өзекті сұрақтарына жауап алды.

Электрондық құжаттарды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис арқылы сотқа табыс ету мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел

31/07/2015

Әйтеке би  аудандық сотында «Электрондық құжаттарды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис арқылы сотқа табыс ету мәселесі» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының судьясы М.С.Мұхамбетқалиев, , прокуратура  қызметкерлері, Әйтеке би аудандық заң кеңесінің адвокаты, Әйтеке би аудандық ІІБ-нің өкілдері, кеңсе мамандары қатысты.

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі жаңашылдықтар» туралы дөңгелек үстел өткізілді

31/07/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріндегі  жаңашылдықтар»  туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Р.К.Кустанова, Ақтөбе облыстық сотының судьясы Р.С.Ахметова, судьялар, қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушы қатысты.

Шара барысында судьялар А.С.Адилова, З.Г.Шмирова, П.Д.Атыбаева баяндама оқыды.

Тұрмыстық жанжалдың нәтижесі

31/07/2015

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 107-бабының 1- бөлігі  және 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 14 тармағымен сотталушы Д. қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды..

«Татуласу келісім» тақырыбындағы дөңгелек үстел

31/07/2015

Мәртөк аудандық сотында «Татуласу келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы М.Дүйсен, прокуратура қызметкерлері, қорғаушылар және  сот қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде татуласу келісімі бойынша пікірталас тыңдалып, татуласу келісімнің нысаны мен мазмұны, соттың татуласу келісімнің бекітілуі туралы және істерді қарау барысында татуласу келісімнің санын көбейту сұрақтар туралы талқыланды.

Сот төрағасы барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндіру берді. 

Медициналық куәландыру өтуден бас тартқан

31/07/2015

Қобда аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігімен  азамат М-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Істің мәні бойынша, азамат М. 2015 жылдың 19 шілдесінде 109 км. Шубаркудук-Соль-Илецк тас жолында көлік жүргізу барысында, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің белгіленген тәртіпте маскүнемдіктен  жай-күйіне куәландыру өту үшін заңды талаптарына бағынған,  сөйтіп Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.