Архив событий

13/07/2015

Теріс қылық жасаған үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

13/07/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  346- бабының 1-бөлімімен азамат Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес,  2015 жылдың 17 маусым айында азамат Б., ҚР ҚәҚб кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен бұзушылық жасап, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, азамат Б., Ақтөбе қаласында, Абулхаир-хан даңғылымен орналасқан, «Нұр-Ғасыр» мешітінің жанында, «Лада 21941» маркалы автокөлігін мас күйінде жүргізген.

«Заман талабы – сот іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

13/07/2015

Әйтеке би аудандық сотында  «Заман талабы – сот іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» атты тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинарға сот төрағасы А.Әбдиров, судьялар, сот мамандары қатысты.

Қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді

13/07/2015

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қоғамдық қызығушылық туғызатын істер бойынша брифинг өткізілді.

БАҚ өкілдері «Диапазон» гәзеті, «Рика ТВ» және «Нұр-ТВ» телеарнасының өкілдері сондай-ақ, радио өкілдері қатысты.

Баяндамаларымен судья Жүсіпов А.М., Жұбатова Ж.С. cөз алды.