Архив событий

15/07/2015

Мәртөк аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

15/07/2015

Мәртөк аудандық сотында сот төрағасының өкімімен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында әр айдың екінші сәрсенбісі – «Ашық есік" күні деп белгіленген.

«Ашық есік» күні құқықтық мәселелі сұрақпен Мәртөк ауданының тұрғыны Елена Яковлевна Фикс әкелікті анықтау туралы сұрағымен жүгінді.

Келушіге  азаматтық іс жүргізу туралы талаптары және талап арызды Мәртөк аудандық ХҚКО-нан «Сот кабинет» ақпараттық сервисі арқылы  тапсыру мүмкіншілігі туралы түсіндірілді.

Азаматтық іс бойынша брифинг

15/07/2015

Бүгін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ қатысуымен қоғамдық қызығушылық туғызатын іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингке  «Диапазон» гәзеті, «Рика ТВ», «Қазахстан-Ақтөбе», «31 канал», «1 канал» және «Нұр-ТВ» телеарнасының радио «Тандем» өкілдері қатысты.

Баяндамамен судья А.М. Жүсіпов сөл алды.

«100 нақты қадамды» орындау мақсатындағы өткізілген брифинг

15/07/2015

Темір аудандық сотында  Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасында айқындалған «100 нақты қадамды» орындау мақсатында брифинг өткізілді.

В брифингке  сот төрағасы А.Д.Қаржауов,   сот ұжымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Д.Қаржауов баяндамасында атап өткендей, «Сот сатыларын оңтайландыру еліміздің судьяларына сот төрелігін атқаруда үлкен жауапкершілік артып, кәсіби деңгейлерін көтеруді және өзін-өзі дайындауды қажет етеді».

«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа заңнаманы қолдану мәселелері» туралы дөңгелек үстел

15/07/2015

Әйтеке би аудандық сотында «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа заңнаманы қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға сот төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев, кеңсе мамандары, прокуратура және ІІБ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы шараға қатысушыларға жаңартылған заңнамалар бойынша істерді қарау тәжірибесі туралы айтып өтті.

11 шет ел азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15/07/2015

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлімімен 11 Өзбекістан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер  қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, шет ел азаматтары 2015 жылдың 27 маусымы мен 4 шілде аралығында, тиісті рұқсатсыз еңбек етіп, Қандыағаш қаласында көп қабатты үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына заңсыз кірісіп, құрылыс жұмыстарымен айналысқан.