Архив событий

27/07/2015

««Процестік келісім ұғымы –заңнамасындағы жаңашыл бастамалардың бірі»

27/07/2015

Еліміздің заңнамалары уақыт талаптары ескеріле отырып үнемі жаңғырып, толықтырылып, өзгертіліп отырады. Халықаралық интеграция, экономика, ғылым және өркениет қарқынды дамыған сайын қоғам да, заңнамалар да соған сай уақыт өзгерісіне бейімделуі тиіс.

Семинар сабағы

27/07/2015

Бүгін Хромтау  аудандық сотында  сот төрағасы А.Мұқановпен «Сот хатшыларының жауапкершілігі жоғары» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сабағы жұмысына судьялар мен кеңсе  мамандары қатысты.

Оқу сабағының барысында іс жүргізу нормаларын сақтау, сот мәжілісі хаттамасын уақтылы дайындау, үн-бейне құралдарымен пайдалану, сот қаулыларын орындауға жіберу туралы талқыланды.

Семинар сабағында барлық туындаған сұрақтар бойынша түсіндіру берілді.

Сот төрелігінің қолжетімділігі мен айқындығы

27/07/2015

Сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту және қолжетімділігін арттыру мақсатында Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Н.Абдраева  «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тікелей эфирде «Адам және Заң» бағдарламасында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында жұмысқа қайта орналастыру мен бос жүрген уақыт үшін еңбек ақысын төлеу туралы тақырыбы қозғалды және еңбек ақысын өндіру, еңбек даулар бойынша моральдық зиянды өтеу, сот шешіміне шағымдану тәртібіне қатысты бір неше сұрақтартар талқыланды.

«Сот рәсімдерін оңайлату мен жеделдету мақсаттарында сотта азаматтық құқықтық дауларға прокурордың қатысуын қысқарту. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгерістер енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

27/07/2015

Алға аудандық сотында «Сот рәсімдерін оңайлату мен жеделдету мақсаттарында сотта азаматтық құқықтық дауларға прокурордың қатысуын қысқарту. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне  тиісті өзгерістер енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы  И.С. Мұратқанов, судьялар, аудандық прокуратура өкілдері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және адвокаттар қатысты.